{metadescription}
GGG промоутері Альварестің күмәнді қолғабына қатысты пікір білдірді

GGG промоутері Альварестің күмәнді қолғабына қатысты пікір білдірді

GGG промоутері Альварестің күмәнді қолғабына қатысты пікір білдірді.  

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер (38-0-1, 34 КО) Головкиннің командасы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қолғабына білдірген шағымына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM»

«Менің түсінгенім, «Канело» өз бапкерінің арнайы тігіп берген қолғабымен бокстаспақшы. Олар Головкинге қарсы жекпе-жекте соны пайдаланбақ. Невада штатының комиссиясы (...) ол қолғапты қолдануға рұқсатын берді, бірақ Головкинмен жекпе-жекте оның қолғабын пайдалануға тыйым салды, өйткені бұл қолғап бұрынғы жекпе-жектерде қолданылмаған (...). Головкиннің командасы қолғапқа шағым білдіргені туралы ақпарат қайдан шыққанын білмеймін. Шешімді Невада штатының комиссиясы шығарған», - деді Том Леффлер.

Ол «Канело» жаңа брендтің қолғабын алдымен басқа жекпе-жектерде пайдалануы тиіс. «Қалай болатынын көрсін, содан кейін комиссия шешім қабылдасын. Мұндай үлкен жекпе-жекке боксшы тексерістен өтпеген қолғабымен шығуды қалайтыны бұрын тарихта болған емес, меніңше. Головкин бұрын жұдырықтасқан, басқа боксшыларды нокаутқа жіберген қолғабымен шығады. Қолғап пен тейп мәселесінде бізге ешқашан артық сұрақ болған емес», - дейді промоутер.

«Канелоның» қолындағы тейпке білдірілген шағымға қатысты пікірін бөліскен Том Леффлер дәл осы шағым Невада штатының комиссиясына көбірек тиесілі екенін атап көрсетті. Өйткені комиссия басқа штаттарда, Британия, Канада, Мексика елдерінде тыйым салынған мұндай тейптерді қолдануға рұқсат берген.

«Геннадий басқа юрисдикцияларда жекпе-жек өткізгенде, мұндай тейптерге ешқашан рұқсат етілмеген. Абельдің (Головкиннің бапкері) мұншалықты таң-тамаша болып, шағым айтқаны - сондықтан. Ол комиссия бұл мәселеде қателесіп жатқанын айтты, бірақ мұндай жекпе-жектерде бүкіл әлемде жүретін нормалар сақталуы тиіс. Айтпақшы, Лиам Смит те (Альварестің тейпіне) шағым білдірген болатын, ал ол - британиялық», - дейді промоутер.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде