{metadescription}
Си Цзиньпин: Президент Назарбаев - менің жақын досым

Си Цзиньпин: Президент Назарбаев - менің жақын досым

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қазақ-қытай бизнес форумына үндеу жолдады.

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ризашылығын білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Президент Назарбаев, құрметті достар, қонақтар, биыл «Бір белдеу - бір жол» бастамасына бес жыл толып отыр. Президент Назарбаев - менің жақын досым. Бес жылдық мерейтой аясында ол бизнес форумды өткізуді ұсынды. Мен осы идеяны жоғары бағалаймын және толығымен қолдаймын. Форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Президент Назарбаевқа өз ризашылығымды білдіремін», - деді Си Цзиньпин өзінің бейнеүндеуінде.

Осы орайда, Қытай басшысы бес жыл бұрын Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. Сол кезде ол алғаш рет «Бір белдеу - бір жол» бастамасын жариялады.

«Әлі есімде, мен Назарбаев университетінде Жібек жолының экономикалық белдеуін құруды ұсындым. Бүгінде аталған бастама xалықаралық деңгейде талқыланады. «Бір белдеу - бір жол» бастамасына қатысатындардың саны артып келеді. Аталған бастама Қытайдан шықса да, оның нәтижесін барлығы көреді. Бес жылдың ішінде Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бойындағы мемлекеттермен арадағы сауда айналымы 5 трлн доллардан асты. Ал Қытайдан тікелей келген инвестициялардың көлемі 70 млрд долларды құрады. Қытайлық компаниялардың қатысуымен 80-нан астам сауда аймақтары мен 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жалпы, 100 мемлекет пен xалықаралық ұйым Қытаймен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды», - деді Си Цзиньпин.

Қытайдың төрағасы «Бір белдеу - бір жол» бастамасын іске асыруда Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Бүгінде аталған бастаманы «Нұрлы жол» бағдарламасымен шебер үндестірудің арқасында 51 бірлескен жобаның тізімі әзірленді.

Аталған жобалардың жалпы құны 27 млрд доллардан асады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.