{metadescription}
Балалар Еуровидениесі 2018 байқауының финалистері анықталды

Балалар Еуровидениесі 2018 байқауының финалистері анықталды

Балалар Еуровидениесі 2018 байқауының финалистері анықталды.

Республикалық іріктеу кезеңінен өткен финалистер Алматы қаласында өтетін гала-концертке дайындықты бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Балалар Еуровидениесі-2018" байқауына республикалық іріктеуге өтінім 1-31 тамыз аралығында  қыркүйектің басында құрамы 11 адамнан тұратын əділқазылар алқасы ақтық сайысқа шыққандарды анықтады.

22 қыркүйекте Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін гала-концерт тікелей эфирде көрсетеді. Ал, көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефон арқылы хабарласып дауыс бере алады. Сондай-ақ дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз халық дауысы және әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады. 

«Гала-концертте финалистер бұған дейін еш жерде айтпаған әндерін орындайды",- деді "Хабар" агенттігі АҚ- ның төрағасы Алан Əжібаев. 

Гала-концерт нəтижесінде анықталған жеңімпаз  үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Минск қаласында өтетін "Балалар Еуровидениесі-2018" байқауына жолдама алады.

Әділқазылар құрамында Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан жəне тағы басқа танымал əншілер бар.

Байқаудың финалистері:

1) Зере Әмірбекова, 14 жас (Алматы);

2) Динара Нəдірбекова, 13 жас (ШҚО);

3) Сүйкім Қабылбек, 12 жас (Астана);

4) Данэлия Төлешова, 12 жас (Алматы)

5) Ержан Максим, 11 жас (Орал);

6) Мария Затварницкая, 13 жас (Павлодар);

7) Мейіржан Жидебай, 12 жас (Ақтөбе);

8) Жанелья Қалдыбек, 12 жас (Астана);

9) Санат Асуат, 13 жас (Атырау);

10) Бинура Саудабай, 11 жас (Астана).                                           


 


 

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде