{metadescription}
Қытай компаниясы Қазақстанның дәрілік шөптерінен медициналық өнім шығармақ

Қытай компаниясы Қазақстанның дәрілік шөптерінен медициналық өнім шығармақ

Қытай компаниясы Қазақстанның дәрілік шөптерінен медициналық өнім шығармақ.

Бұл туралы денсаулық мәдениеті мен индустриясы деп аталатын форум аясында Infinitus компаниясы бас директорының орынбасары Сюэ Шоучунь айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 қыркүйек күні компаниямыздың филиалы Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазақстанда филалымызды ашқаннан кейін жергілікті институттармен жаңа өнімдер әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты жолға қойғымыз келеді. Ынтымақтастықтың мол жаңа мүмкіншіліктерін де табуды жөн санаймыз. Сонымен қатар Қазақстан халқының денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктері жайында да көп мағлұмат алмақ ойымыз бар. Жаңа өнімдер әзірлеу үшін пайдалануға жарамды жергілікті табиғи ресустарды да іздемекпіз. Біз үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы ынтымақтастық та барынша маңызды», - деді Сюэ Шоучунь. 

Оның айтуынша,  Қытайдың 5 мың жылдан асатын дәстүрлі медицинасы бар. Қазақстанның да денсаулық саласындағы дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан да қытайлық компания денсаулық саласындағы қазақ мәдениетімен жан-жақты танысуды және денсаулық сақтау индустриясын дамытудың бірлесен жолдарын қарастыруды көздемек.

«Екі елдің арасындағы ынтымақтастық үшін мол мүмкіншіліктер бар екендігіне сенімім мол. Ал бұл денсаулық сақтау саласында дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жалпы, әлемдік экономика дамыған сайын денсаулық сақтау мәселесі де күнтәртібінен түспейтіндігі белгілі жайт. Бұл - жаһандық мәселе. Сондықтан табиғи ресурсқа бай Қазақстанмен осы бағытта жұмыс істеуге ниет танытып отырмыз», - деді ол.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде