{metadescription}
ФОТО:18 жастағы Камила Қожаханова Алматы аруы атанды

ФОТО:18 жастағы Камила Қожаханова Алматы аруы атанды

Камила Қожаханова «Мисс Алматы-2018» байқауында бас жүлдені иеленді.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат

Камила Қожаханова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқиды. Би өнерімен айналысады. Бас жүлде иегеріне жеңімпаздың тәжін өткен жылғы Алматы аруы Сәбина Әзімбаева табыс етті.

«Биылғы қатысушылар үшін кеудемді мақтаныш кернеп тұр. Жеңімпаз аруға осы тәжді алдағы бір жыл бойы абыроймен киіп жүр дегім келеді», - деді Сәбина Әзімбаева.

Бірінші вице-мисс атағын Бану Сәттібек жеңіп алды. Сондай-ақ Анастасия Симонова, Анастасия Феер және Дидар Атмаджа да вице-мисс атанды. 

Айта кетейік, конкурсқа қатысуға 1000-нан аса ару өтініш берген, оның ішінен 25 бойжеткен таңдап алынып, финалға өткен болатын. Енді үздік атанған Камила Қожаханова «Мисс Қазақстан-2018» байқауында Алматының намысын қорғайды. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде