{metadescription}
Түркістан облысында диқандар төбелесіп, бір адам мерт болды

Түркістан облысында диқандар төбелесіп, бір адам мерт болды

Түркістан облысында диқандар төбелесіп, бір адам мерт болды.

Түркістан облысының Шардара ауданында полицейлер адам өлтірді деген екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 7 қыркүйекте Шардара АІІБ кезекші бөліміне аудандағы елді мекендердің бірінің маңында болған төбелес туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер клиентке таласып қалған диқандар төбелескенін анықтады. Төбелес кезінде қару қолданылған. Соның салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза тапқан, ал екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген хабарламада.

Жедел әрекеттер нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні ұстады. Олар - Түркістан облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірінен аңшы мылтығы тәркіленді.  Осы дерек бойынша, Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде