Ақмола тұрғыны абайсызда 3 жасар баласын мерт қылды
Абайсызда 3 жасар баласын мерт қылды

Абайсызда 3 жасар баласын мерт қылды

Ақмола облысының тұрғыны 3 жасар баласын абайсызда көлігімен басып кетіп, мерт қылды.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД мəліметі бойынша, оқиға 6 қыркүйек күні Есіл қаласында болды. Сәби сол күні сағат 15:40 шамасында Есіл аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

«33 жастағы ер адам «Volkswagen Sharan» көлігімен үйінің ауласынан шыға берісте 3 жастағы баласын абайсызда басып кетті. Ұл бала Есіл аудандық ауруханасына ес-түзсіз түсті. Көп ұзамай ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-345 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ баланың денесі мəйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.