{metadescription}
Теміртау тұрғыны төрт әйелге қасақана АИТВ инфекциясын жұқтырған

Теміртау тұрғыны төрт әйелге қасақана АИТВ инфекциясын жұқтырған

Теміртаудың 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге  АИТВ инфекциясын жұқтырған.

Олардың бірі - 19 жастағы жәбірленуші полицияға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы өкілдерінің айтуынша, қыз жігітпен әлеуметтік желіде танысқан. Қыздың сеніміне кірген ер адам оны алғашқы жыныстық қатынасқа шақырады. Құрбысының кеңесімен, қыз орталыққа келіп қан тапсырғанда, АИТВ инфекциясын жұқтырғаны белгілі болады. Анықталуынша, ер адам 2011 жылғы қазан айынан бері ЖИТС орталығында тіркеуде тұрған. Оған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқа адамға вирус жұқтырған жағдайда, қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы айтылған, инфекцияның жұғу жолдары түсіндірілген, жыныстық қатынасқа түспек болған жұбына өзінің сырқаты туралы білдіруге міндетті екендігі айтылған. Алайда жігіт қыздармен ғаламтор арқылы оңай танысып, оларды интимге итермелеген. Соның салдарынан, төрт әйел жәбірленген.

Соның үшеуі айыптыны жауапқа тартуды қаламаған. Жазасыз қалған ер адам заңға қайшы әрекеттерін жалғастыра берген.

«Көп жағдайда, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды жұмыста шеттетушілік байқалады. Бәлкім, вирус жұқтырған әйелдер де, жұртқа жария болудан қорқып, ешкімге айтпаған шығар. Бұрын да осы сияқты жағдай тіркелген. 25 жастағы Теміртау тұрғыны вирус жұқтырғаны үшін жеті жылға сотталған», - дейді ведомство өкілдері.

Материалдар қылмыстық іс ашу үшін құқық қорғау органдарына берілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамдарға қатысты осы әрекет төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруға негіз болады.

«Қыздар өз денсаулығына жеңіл қарамауы тиіс. Жақын байланыс орнатудан бұрын, танысқан адамын жақсы білуі қажет», - дейді ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы өкілдері.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде