{metadescription}
Шетелдіктер зейнеткерді девальвациямен қорқытып, тонап кетті

Шетелдіктер зейнеткерді девальвациямен қорқытып, тонап кетті

Астаналық полицейлер 78 жастағы қала тұрғынын алаяқтықпен тонады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық ІІБ қызметкерлері бір топ Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.  3 адамнан (екі әйел, бір ер адам) құралған қылмыстық топ алаяқтықпен әжейдің ақшасын сыпырып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, күдіктілер көшеде әжені кездестіріп, оған алдағы уақытта девальвация болатынын, ол жинаған ақшасына қатты әсер ететініне сендіреді де, «ситуациядан шығатын» жолды ұсынады. Банктің дисконт картасын алуды желеу етіп, зейнеткердің жинап отырған 270 мың теңгесін жымқырады.

Қазір күдіктілер кінәсін мойындады. Полицияның ақпаратына қарағанда, олар биыл қыркүйек айының басында ғана Астанаға келіп, пәтер жалдап тұрған. Күдіктілер Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Астана полицейлері тұрғындарды сақ болуды, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.

Сондай-ақ осы күдіктілердің алаяқтық әрекеттерінен жәбірленгендерді Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына (Ақбұға көшесі, 2) жүгінуге; 8 (7172) 71-66-10, 71-66-40 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға шақырады.   

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде