{metadescription}
Өскемендік еркекке дәрігер екіқабат деген диагноз қойып беріпті

Өскемендік еркекке дәрігер екіқабат деген диагноз қойып беріпті

Өскемендік еркекке дәрігер екіқабат деген диагноз қойып беріпті.

Өскемен қаласында ер адам нефролог, дәрігерге іші ауырып барған екен. "Іші үлкейген, мерзімі жүктілікке сәйкес, ішінде шарана қозғалып жатыр", — деп жазылған медициналық қорытындыда.

35 жастағы еркек бұл диагнозды көріп, шошып кетіпті. Көшірме қағазда оның іші жүктілік мерзіміне сай үлкейгені жазылып, ішінде нәресте бары айтылған.  

Сөйтсе, аталмыш диагноз бұл еркектің алдында емделген әйелдің медициналық карточкасынан "көшірілген" болып шықты. Жұмыстан қатты шаршаған дәрігер картаны толтырып отырған кезде бұл мәліметті шатасып жазған. 

Нәтижесінде қойылған диагноз жарияланған кезде дәрігер өз қатесін мойындауына тура келді. Медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша амбулаторлық орталықтың орынбасары Александр Киреев бұл жазбаның кездейсоқ пайда болғанын мәлімдеді.

Мінеки, дәрігерлер ер адамды да осылай "жүкті" қып береді екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде