{metadescription}
Маңғыстау облысында адамдарға оқ атқан күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында адамдарға оқ атқан күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында төрт адамға оқ атып, жаралаған  күдікті ұсталды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері төрт адамды оқ атып жаралап, оқиға орнына қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді», - деп атап өтілген таратылған мәліметте. Бұл факті Маңғыстау облысының Қарақия аудандық ішкі істер бөлімінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркеліп, одан әрі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігі 1,6,9-тармақтарына ауыстырылды (2 немесе одан көп адамдарға қатысты адам өлтіруге оқталу бұзақылық әрекеттері).  «Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеуді Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы қолға алды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде». 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Маңғыстау облысында оқ жарақатымен бірнеше адам ауруханаға түскен болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде