{metadescription}
Дәрігерлерден қорқып, жарты жыл бойы қалпақтай ісікке шыдап жүре берген

Дәрігерлерден қорқып, жарты жыл бойы қалпақтай ісікке шыдап жүре берген

Сингапурлық 53 жастағы әйел дәрігерлерден қорқып, жарты жыл бойы қатерсіз ісікке шыдап жүре берген.

Ақыры дәрігерлер оның ішінен салмағы 28 келі ісікті ота жасап алып тастады, деп хабарлайды Live Science.

Әйел медициналық көмекке жүгінуден қорқып, ісіктің күн сайын өсіп бара жатқанына қарамастан жүре берген. Ақыры ісіктің үлкейгені сонша, әйел жүруден қалған. 

Пациентте жатыр фибриомасы — жетілген қатерсіз ісік. Орасан зор ісік әйелдің жүруіне кедергі жасап қана қоймай, дем алуына да қиындық әкелген. 

Ісікті кесіп алу алу үшін дәрігерлер әйелдің жатырын, аналық безін де алып тастады. 

Медицинада он бір келіден асатын ісік үлкен ісіктер тобына жатқызылады. Аталмыш әйел дәрігерлерге қаралудан жүрексінген екен. Қазін оның жағдайы бірқалыпты. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.