{metadescription}
Жыл соңына дейін ақша-кредиттік талаптар қатаңдауы мүмкін

Жыл соңына дейін ақша-кредиттік талаптар қатаңдауы мүмкін

2018 жылғы қаңтар-тамызда инфляция 2,9 пайыз болды.

Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұқлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы қаңтар-тамызда инфляция 2,9 пайыз болды. Бұл өткен жылғы осындай кезеңінің көрсеткіштерінен төмен. Жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда тамызда 6,0 пайызға дейін баяулады. Халық арасында сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша тамызда бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау 5,9 пайыз болды»,-  деді ол.

Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банктің бағалауы бойынша ағымдағы жылы инфляция 5-7 пайыз нысаналы дәлізде сақталады. Алайда соңғы бірнеше айда инфляцияның баяулау тәуекелдері жоғары.

"Инфляция 2019 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегінде, 4-6  пайызға жуық қалыптасады. Ұлттық банк 4-6 пайыз, яғни 6 пайызға жуық деп айқындады. Бұл сыртқы факторлар әсеріне, сондай-ақ ішкі жиынтық сұраныстың кеңеюіне байланысты. Осыған орай инфляцияны нысаналы дәлізде сақтау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет», - деді Д.Ақышев.

Мұнан бөлек ол жыл басынан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25 пайыздан 9 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті.

«Егер инфляция тәуекелі бойынша бағалауымыз дұрыс болса, Ұлттық банк жыл соңына дейін ақша-кредиттік талаптардың қатаңдауын жоққа шығармайды»,-  деді ол.  

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде