{metadescription}
ВИДЕО: Диего Марадона қай клубта істейтін болды

ВИДЕО: Диего Марадона қай клубта істейтін болды

Диего Марадона екінші мексикалық дивизион футбол "Дорадос де Синалоа" клубының бас жаттықтырушысы болып сайланды.

Ол елдің батысында орналасқан Кульякан қаласына келіп, алғашқы жаттығуларын өткізіп, сосын баспасөз мәслихатын өткізді.

"Бұл клубқа өзім жоғалтып алған нәрсемді бергім келеді. Мен 14 жыл бойы ауырып жүрдім. Бүгін мен күн сәулесін көріп, түнде ұйықтағаныма ризамын", - деді ол. 

Биыл мамыр айында Марадона сондай-ақ, Бресттің "Динамо" клубымен үш жылдық шартқа отырған. Диего ол клубтың басқармасының төрағасы. Белорус клубында футболшының жаңа жұмысы туралы ақпаратты нақтылап жатыр. Марадоның агенті де твиттерде оның екі қызметті қатар алып жүретінін жазған болатын. Сондай-ақ Марадона "Динамоның" құрметті президенті және "Дорадостың" техникалық директоры болмақ.

Көптеген жанкүйерлер 57 жастағы Марадоны тарихта қалған аргентиналық ұлы ойыншы деп санайды. 1986 жылы оның жетекшілігімен ұлттық команда екінші және соңғы рет әлем чемпионы атанған. Алайда алкоголь мен есірткі Марадонаның спорттық мансабына нүкте қойған болатын. Ал "Дорадос де Синалоа" жаттығуларын он 15-ші қыркүйекте бастағалы отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде