{metadescription}
ВИДЕО. Стадионда футбол фанаттары мен евангелистер төбелесіп қалды

ВИДЕО. Стадионда футбол фанаттары мен евангелистер төбелесіп қалды

Перу стадионында футбол фанаттары мен евангелистер төбелесіп қалды. Футбол дінге қарсы.

"Альянс"  командасы стадионының жанында төбелес болды. Бір топ інжіл христиандар (көгілдір футболка мен сары каска киген) көшеде футбол жанкүйерлерімен (қолына таяқ ұстаған қара киімді)  шайқасқа түсті. 

Төбелеске себеп - стадион алдындағы алаң. Қазір ол клуб менеджментін басқарады. Ол жерде автотұрақ бар. Ал матчтар алдында бұл жерге "Альянс" жанкүйерлері жиналады. Жақында бұл жерге евагелиелік шіркеу сұғын қадады. Олардың адвокаты жердің бір жыл бұрын шіркеуге рәсімделгенін айтуда. Ал команда оны өтірік деп, діни институтты "заңсыз басып кіру" дейді. 

Дүйсенбі күні евагелистер алаңда шара ұйымдастырмақ болды. Алайда олар футбол жанкүйерлерінің қарсылығына тап болып, шара төбелеске ұласып кетті. Ақыры полиция араласып, алаңдағы шайқасты көзді ашытатын газ шашып тоқтатуға мәжбүр болды. 

Клубта арыз жазуға дайындалып жатыр. Спорт жанкүйерлері мен шіркеуліктердің келесі "шайқасы" енді сотта болмақ.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде