{metadescription}
 ВИДЕО: Серена Уильямс финалды жанжалмен, көз жасымен 17 мың доллар айыппұлмен аяқтады

ВИДЕО: Серена Уильямс финалды жанжалмен, көз жасымен 17 мың доллар айыппұлмен аяқтады

Серена Уильямс финалды жанжалмен, көз жасымен 17 мың доллар айыппұлмен аяқтады.

 Америка теннис қауымдастығы 20 жасар Наоми Осакамен кездесу матчында Серенаны үш бұзушылық жасағаны үшін жазалап, ақыры жапондық теннисші жеңіп шықты. 

Жапон әйелінің жеңісінің шырқын Уильямс пен төреші Карлос Рамостың арасында дау бұзып жіберді. Төреші 36 жастағы теннисшіге бапкердің кеңестеріне бола ескерту жасады, содан кейін эмоцияға беріліп ракетканы сындырғаны үшін ескертпе жасады. Осының бәрі әйелді ашуландырып, ол Карлосты сексизм үшін айыптап, ұры және өтірікші деп атады. Сондай-ақ кешірім сұрауын талап етті.  Рамос Уильямстың сөздерін ауызша қорлау ретінде қарап, қарсыласының пайдасына айыппұл ойынын берді. 

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында 23-рет Grand Slam иегері Серена осылайша  әйелдердің құқықтары үшін күресетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, кез келген ер теннисшінің бұндай қылықтарын көзге де ілмейтінін айтты. Және қазір жолы болмаса да, болашақта басқа спортшы қыздарға көмегі тиетінін мәлімдеді. 

17 мың доллар айыппұл теннисшінің жүлде қорынан алынып тасталады. Ал серенаның жүлде қоры бір миллин 850 мың долларды құрады. 

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде