{metadescription}
Қан қысымын дәрі-дәрмексіз қалай түсіру керек

Қан қысымын дәрі-дәрмексіз қалай түсіру керек

Америкалық бірлестіктің ғалымдары өмір салтын 16 апта ішінде өзгерткен кезде қан қысымы жоғары адамдардың қысымы төмендеп, тұрақталып, дәрі-дәрмек ішпейтінін анықтады.

Ол зерттеуді EurekAlert порталы жариялады. 

Медиктер жоғары қан қысымы бар науқастар диета мен спортқа ерекше көңіл бөлуі керек дейді. Бұл еркектерге де, әйелдерге де қатысты.

Мамандар 40-80 жас аралығындағы 129 адамның қатысуымен тәжірибе жүргізген. Оларды үш топқа бөліп, арнайы бағдарлама дайындады.

Брінші топта жемістер мен көкеністерге толы диета, қызыл ет пен тұз өте аз мөлшерде және аптасына үш рет дене шынықтырумен айналысқан. Екінші топтағылар сондай диета, тек спортпен шұғылданбаған. Ал үшінші топтағылар арнайы диетасыз және дене шынықтырумен мүлдем айналыспады. Үш топта да ешбір дәрі-дәрмек қабылданбады.

Нәтижесінде бірінші топтағы қатысушылар қан қысымын және салмағын төмендеткен. Олар көрсеткіштерін: 16 пунктіден — "жоғары" и 10-ға  — "төменгіге" көрсетті. Тәжірибеден соң қатысушылардың тек 15 пайызы ғана дәрі-дәрмекті қажет еткен. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.