{metadescription}
Илья Ильин: «Ішімдікке салындым - өлгім келді»

Илья Ильин: «Ішімдікке салындым - өлгім келді»

Спортшы өткен өмірі жайлы ақтарылды.

Sports True бағдарламасына берген сұхбатында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин шеттелген соң спортқа қалай қайтып келгені, ппрезидент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы және басқа да оқиғалар жайында айтып берді.

- Президент Қазақстан чемпионатындағы жеңісімді жайлы естіп, мен үшін қуанғанына сенімдімін. Оған қоңырау шалуға мүмкіндігім жоқ - жеңіске жеткен сайын қоңырау шалады. Оның маған қатынасы қарапайым. Біз жиі кездесеміз. 

Менің рухани әкемдей. Соңғы рет ол хәлімді сұраған. Бәрі жақсы деген едім. Дау-дамайдан кейін де маған қолдау білдірген. Ол үшін чемпион болып қалатынымды айтқан, мен үшін үлкен демеу болды", - деп атап өтті Ильин. 

- Сен іштің бе?

- Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді. Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда... Өлгім келді. Қонақүйде үш күн жатып іштім. Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім. 

Еске салайық, 10 маусымда Ильиннің 2008 және 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша екі жылдық шеттелуі аяқталған болатын. Допинг дауына байланысты ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылды. 

Қыркүйек басында Ильин спортқа қайтып оралды, спортшы 102 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатын жеңді.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде