{metadescription}
ШҚО-да қысқа дайындаған 52 тонна шөп өртеніп кетті

ШҚО-да қысқа дайындаған 52 тонна шөп өртеніп кетті

ШҚО-да өткен тәулікте екі бердей өрт шықты.

Көкпекті ауданы Белое ауылы тұрғынының 52 тонна шөбі жанып кетті.

Жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 3 сағат бойы арпалысқан. Өрт балалардың абайсыздығынан шаққан көрінеді. Екінші оқиға Риддерде болған. Суворов көшесіндегі үйлердің бірі 12 тонна шөбінен айрылды. ТЖД қызметкерлері өртпен 4 сағат бойы күресіпті.

ШҚО ТЖД оқиғалардың бірі абайсыздықтан болған десе, екіншісі – өрт қойған болуы мүмкін деп топшылайды.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.