{metadescription}
Көлік сүйреген 6 жасар қазақ баласы рекорд орнатты

Көлік сүйреген 6 жасар қазақ баласы рекорд орнатты

Ақмола облысында 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метрге дейін сүйреп, рекорд орнатты.

Бұл туралы Әмір Махмет есімді Фейсбук қолданушы өз парақшасында жариялады

Видео «Денсаулық күніне» орай ұйымдастырылған шарада түсіріліпті.

«Бүгін «Денсаулық күніне» орай біздің ауылда, қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған жерінде 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа дейін тартып, рекорд орнатты. Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Ол мені өзінің ағасындай көріп, үнемі жақын тартып жүреді. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауыл тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға, інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол! Аллам өзіңді қолдасын!», - деп жазба қалдырған желі қолданушысы Әмір Махмет

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде