{metadescription}
Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылды

Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылды

Ақтөбе қаласында жанар-жағармай таситын көлік жарылып, 2 жұмысшы жансақтау бөліміне түсті.

10 қыркүйек күні жанар-жағармай базасында көлік жарылып, үш адам ауруханаға түсті. Көлік жүргізушісі бірер күннен соң ауруханадан шығарылғанымен, екі оператор жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, бірақ ауыр.

«Екі күн бұрын түскі мезгілде ауруханаға күйік шалған екі адам түсті. Әйел 55, ер адам 38 жаста. Екеуінің жағдайы ауыр. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп қалған»,- деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Екі науқас қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 55 жастағы Зибагүл Тюменбаева мен Серікбай Палвановқа дәрігерлер тиісті ем жүргізіп жатыр. Ал қажетті дәрі-дәрмекті жанар-жағармай компаниясы өз міндетіне алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде