{metadescription}
Елтаңбаға өзгеріс енгізілді

Елтаңбаға өзгеріс енгізілді

Еліміздің елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады.

12 қыркүйекте Эталон орталығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті басшысы Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болғанын Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Оған Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК басшылығы да қатысты.

Жаппай латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ұлттық рәміздегі ел атауының жазылуына өзгеріс енгізілді.

Отырыста «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Оған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде «Қазақстан» сөзін латын графикасымен «QAZAQSTAN» етіп өзгерту, сондай-ақ ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.

Бұдан тыс, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихын сипаттауға әдістемелік құралдарға сілтеме, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков жасаған конструкторлық құжаттама қосылды.

Айта кетейік, мемлекеттік рәміз ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Елтаңбаны Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов сынды танымал архитекторлар құрастырған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде