{metadescription}
Астанада балабақша аумағында өрт шықты

Астанада балабақша аумағында өрт шықты

Бүгін сағат 07.34-те Сарыарқа ауданы «Көктал-1» тұрғын үй алабында орналасқан «Балдәурен» мемлекеттік емес балабақшасы аумағында өрт шықты.

«Жеке тұрған асхана, қазандық және көмір сақтайтын қойманың төбесі жанған. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол сағат 07.51-те ауыздықталып, 08.15-те сөндірілді. Өрттің салдарынан 1973 жылғы балабақша шаруашылық жұмысшысы иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт болған кезде балалар балабақша аумағында болмаған, деп нақтылады ТЖК баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге 12 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Қазір сарапшылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.