{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0-0,1КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегінде колумбиялық боксшымен жұдырықтасады.

Боксшының PR-менеджері Берік Сұлтанның хабарлауынша, отандасымыз кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін 28 қыркүйек күні Американың Калифорния штаты Окленд қаласында өткізеді. Жәнібектің қарсыласы -колумбиялық Карлос Галван.

Жәнібек Әлімханұлы үстіміздегі жылдың қаңтар айында ҚР ұлттық құрамасындағы мансабының аяқтаған. Кейіннен кәсіпқой боксқа біржола бет бұрғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Жәнібек белгілі промоутер Боб Арумның «Top Rank» компаниясымен келісімшарт жасасқан болатын.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде