{metadescription}
Дін қызметкерлері 3 мыңнан астам адамды зорлап келген

Дін қызметкерлері 3 мыңнан астам адамды зорлап келген

Германияда дін қызметкерлері 3 мыңнан астам адамға зорлық көрсеткен.

Германияда 3 677 адам католик шіркеуі дін қызметкерлерінің тарапынан сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болған. Бұл жөнінде Der Spiegel журналы мен Die Zeit газеттері зерттеу нәтижелеріне сүйеніп мәлім етті.

Белгілі болғандай, Германияда 1 670 дін қызметкері 1946 жылдан 2014 жылға дейін 3677 адамға қатысты сексуалды сипатта қылмыс жасаған. Жапа шеккендердің басым көпшілігі - кәмелет жасына толмаған ұл балалар.

Неміс епископтары конференциясының тапсырмасымен өткізілген 350 беттік зерттеуді үш неміс университеті ұйымдастырған. Құпия құжатты 25 қыркүйекте кардинал Рейнхард Маркс таныстырады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде