{metadescription}
Атырауда жүк пойызы мен КамАз соқтығысты

Атырауда жүк пойызы мен КамАз соқтығысты

Атырау облысында жүк пойызы КамАзбен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Оқиға 12 қыркүйек күні сағат 14.32-де Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Аққыстау ауылында болған. Көліктер қорғалмайтын реттелмелі өтпе жолдың 251-ші шақырымында соқтығысты. Жүк пойызының құрамы Атырау-Астрахан бағытымен жол жүріп келе жатқан. Апаттың салдарынан КамАз автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі оқиға орнынан аудандық ауруханаға жатқызылды. 68 вагондық жүк пойызы сағат 15.10-да «Атырау» стансасынан аттанған алмастырушы қосалқы тепловозды күту үшін Аққыстау стансасына сүйреп жеткізілді. Басқа пойыздардың қозғалысы сол қалпы қалды», - деді Атырау облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Бүгін автомобиль жүргізушісі санитарлық авиацияның тікұшағымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде