{metadescription}
Бүгін 4 облыста үсік жүреді

Бүгін 4 облыста үсік жүреді

Бүгін 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың тек солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді.

Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі. 

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.   Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде