{metadescription}
ФОТО: 8 немеренің әжесі төртемге аяғы ауыр

ФОТО: 8 немеренің әжесі төртемге аяғы ауыр

50 жастағы Трейси Бриттен Ұлыбританияның ең қарт төртемнің анасы атанбақшы.

Әйел Кипрде экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Ол қазір жүктіліктің 25-ші аптасында, ал 32-ші аптада дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандырып алмақ.

Бриттен мен оның күйеуі Стивен үш қыз бен бір ұлды күтуде. Трэйси қазірдің өзінде үш баланың анасы және сегіз немересі бар әже атанып отыр.

« Жыл сайын тағы бір баламды дүниеге әкелуді армандайтынмын. Жасым 50-ге келседе мен осы ісімді құптаймын», - деді Трейси берген сұқбатында.

Әйелдің айтуынша, ол жұрттың сөзіне мән бере бермейді екен.

« Мен осы жаста босанып жатқан алғашқы және соңғы әйел емеспін. Жасым 50-де болса да, өзімді одан жас сезінемін.», - дейді ол.

Трейстің бірінші күйеуінен үш баласы бар. Онымен 2003 жылы ажырасып, екі жылдан кейін Стивенмен шаңырақ көтерген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде