{metadescription}
Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді

Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді

Қырғыз тарабы Алматы әуежайында шектен тыс тексерулер үшін азаматтардан түсетін шағымдар туралы хабарлады.

Жұма күні Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісіне нота берілгені туралы хабарлады.

Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосының ресми хабарламасында айтылғандай, "Алматы әуежайында қазақстандық құзырлы органдар тарапынан жасалатын шектен тыс тексерулер туралы Қырғыз Республикасы азаматтарынан үздіксіз түсіп жататын арыз-шағымдарға байланысты" Қазақстан елшісі Кәрім Көкірекбаев сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

"Кездесу барысында қырғыз тарабы Қазақстанның құзырлы органдарының қадамына алаңдаушылық танытып, ҚР құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан шектен тыс, намысқа тиетін әрекеттер жасалмауын басты назарға алуға өтініш білдірді", — деп хабарлады Қырғызстанның СІМ.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Қазір мәселенің анық-қанығын және қандай тексерулер туралы сөз болып отырғанын анықтап жатырмыз", — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Ол атап өткендей, Қазақстан әуежайларында барлық жолаушыға бірдей қауіпсіздік режимі сақталады. Әрі өткізу бекеттерінде мемлекеттік шекара туралы заңға сәйкес азаматтардан жауап алынады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде