{metadescription}
Головкин мен Канело салмақ өлшеу рәсімінде төбелесе жаздады

Головкин мен Канело салмақ өлшеу рәсімінде төбелесе жаздады

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Головкиннің салмағы 159,6 фунтты (72,39 келі), «Канело» - 159,4 фунтты (72,3 келі) көрсетті.

Салмақ өлшеуден соң боксшылар бір-бірін көзбен атысты. Мұның соңы жақсылыққа соқтырмады. Олар төбелесуге шақ шақ қалды. Альварес Головкиннің маңдайына дейін жақындады, осыдан кейін мексикалықтың бапкерлері итерісіп, промоутерлер мен оққағарлар төбелестің болуына жол бермеді.

Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңертең өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде