{metadescription}
Скрипкашы Лананың күйеуі көршісін ұрып тастады

Скрипкашы Лананың күйеуі көршісін ұрып тастады

Скрипкашы Лананың күйеуі баланың ойыншығына бола көршісін ұрып тастады.

Танымал скрипкашы Лананың жұбайының өзі хабарлап айтқанына қарағанда, ол ер адамды ұрып тастаған. Оқиға ерлі-зайыптылар тұрып жатқан Мәскеудің көппәтерлі үйдің ауласында болған.

Психолог Константин Саркисян  алты жасар ұлы сындырып тастаған ойыншық ұшақ үшін көршісін ұрып тастаған. Бұл туралы Mash хабарлайды.

Психологтың айтуынша, оның ұлы аулада ойнап жүріп, көршінің қызының ойыншығын сындырып алған. Қыз атасына шағымданып, атасы баланың анасына былапыт сөздер айтып, қол көтерген. Соған байланысты Константин ол кісіге қол көтеруге мәжбүр болған. 

Ал көршісі бұл оқиғаны басқалай айтып отыр. Оның айтуынша, баланың анасынан жаңа ойыншық сатып беруді талап еткен, сондай ақ ақша алудан бас тартқан. Сол кезде Константин аулаға шығып оны ұрған.  

Таяқ жеген көршісіне дәрігерлер сегіз тігіс салып, басы шайқалғанын айтуда. Константин оны 20 рет ұрған көрінеді.

Қазір полиция бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп жатыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде