{metadescription}
Қазақстан қартаю жүріп жатқан елдер қатарына енуі мүмкін

Қазақстан қартаю жүріп жатқан елдер қатарына енуі мүмкін

Екі жылдан кейін Қазақстан тұрғындары арасында қартаю үрдісі басталған елдердің қатарына енуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басшылығымен өткен кездесуде Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің сарапшылар Қазақстандағы қартаю үрдісіне алаңдаулы. БҰҰ жіктеуіне сәйкес, егер де 65 жастағы және одан жоғары жастағы азаматтар саны 7 пайызды құраса, онда бұл қоғам қартайып келе жатқанын білдіреді», - деді Б. Әйтімова.

Осы орайда депутат бұл мәселе бүгінде еуропалық елдерде өте өзекті болып отырғандығын сөз етті. «Бүгінде Қазақстанда осы санатқа кіретін егде жастағы адамдардың үлесі 6,6 пайызды құрап отыр. 2020 жылдың соңына қарай бұл көрсетіш 7 пайыздан асып, 7,4 пайызға жетуі мүмкін.

Атап айтқанда, бірнеше жылдан кейін еліміз халықтың қартаю процесі орын алған бірқатар еуропалық мемлекеттер қатарына енуі ықтимал», - деді Бірғаным Әйтімова. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша ерлердің үлесі басым.

Сонымен қатар, Н. Наурызбаева биылғы шілденің басында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 8,4 трлн теңгеге жеткенін айтты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде