{metadescription}
Психологтар: Әлеуметтік желіде жиі отыратындардың өмірде қызығы таусылған

Психологтар: Әлеуметтік желіде жиі отыратындардың өмірде қызығы таусылған

Психологтар өмірде қызығы таусылғандар әлеуметтік желіде жиі отырады дейді.

Өздерінің романтикалық қатынастарына сенімі аз адамдар "Фейсбуктің" көмегімен бұрынғы кездескен адамдарының ізін аңдып отырады екен. Сондай-ақ бұндай адамдар өзі туралы жеке ақпаратты "позиивті" етіп жасауға тырысады. Шын мәнінде мақтанарлық ешнәрсе болмаса да, шынайы өмірінен гөрі арманындағы дүниелерді шынайы етіп көрсеткісі келеді. Сөйтіп өзі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат беруге құмар. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды. 

NUI Galway психология мектебінің мамандары зерттеу жүргізді. Өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар әлеуметтік желіде кезінде кездескен, тастап кеткен қыз-жігіттерінің парақшасын ақтарумен болады. Бұндай құбылыс психологиялық күйзелісте, дағдарыста, жүрген адамға тән. 

Мамандар 717 ересек адамдарға сауалнама толтыртқызып, оның қорытындысын BMC Psychology журналында жариялады.  Дегбірі қашып, мазасы кеткендер өздерін әлеуметтік желідегі өзге адамдармен салыстырумен болады екен. 

Ал бұндай адамдар көңілі көтерілгенде өзі туралы жеке ақпаратты барынша ашық жаза бастайды. 

— Проблемалы қатынастағы адамдар неге Фейсбуктен шықпайды? Осыны түсіну үшін біздің зерттеу үйіршектік теориясын алғаш рет қолданды, — дейді  доктор Салли Флинн, зерттеу жүргізуші автор. 

Оның айтуынша, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, "Фейсбукті" кейбіреулер "үйіршектікке қажеттілікті" қанағаттандыру үшін пайдаланады. Бұл әсіресе психологиялық бұзушылыққа ұшырап жүрген өзін-өзі төмен бағалайтын адамдарға тән. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.