{metadescription}
Аз мөлшерде аспирин денсаулыққа қауіпті деп танылды

Аз мөлшерде аспирин денсаулыққа қауіпті деп танылды

Аспириннің кішігірім дозаларын үнемі қолдану ас қортыу жолдары мен мида қан кету қаупін арттырады.

Ұлттық қартаю проблемасы институтының ғалымдары Мельбурндегі Монаш университетінің зерттеушілерімен бірлесіп, жасы ұлғайған адам аспирин пайдаланса ол өлімге әкелетін аурулардың қаупін арттыратынын анықтады.

Science Alert хабарлауынша, тіпті жүрек-тамыр жүйесіне қатысты ауруларға берілген аспириннің қажетті мөлшері сәл ауытқып кетсе, миға және асқазан қорыту жолдарында қан кетуді ашып жіберуі мүмкін. 

Ғалымдар күн сайын аздап аспирин ішкен адам өзінің созылмалы ауруының қайталануына әкеп соқтыратынын анықтады. Олардың мәлімдеуінше, аспириннің қанша мөлшерін ішу керектігін міндетті түрде дәрігермен ақылдасып қолдану керек. 50–55 жастан кейін дәрі мөлшері мидың жұмысы, жүрек-тамыр жүйесі және тағы басқа ағзаның жағдайына сай бөлінеді.

Зерттеушілер мынадай тұжырымға келді: кейбір аурулардың алдын алу үшін аспириннің тек 100 мг қажет.  

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде