{metadescription}
ВИДЕО: Жапондық миллиардер өнер қайраткерлерімен бірге Айға саяхат жасайды

ВИДЕО: Жапондық миллиардер өнер қайраткерлерімен бірге Айға саяхат жасайды

Жапондық миллиардер Юсаку Маедзава өнер қайраткерлерімен бірге Айға саяхат жасайды.

Онлайн-дүкен мен панк-рок тобының барабаншысы жапондық миллиардер Юсаку Маэдзава тұңғыш рет Айға саяхат жасамақ. Бұл жаңалықты кеше кешкісін ол Илон Макспен бірге калифорниялық Хоторн қаласындағы SpaceX компаниясының штаб-пәтерінде хабарлады. 

Айға ұшу 2023 жылға жоспарланған. Ұшу бір аптаға созылмақ. 42 жастағы Маэдзава өзімен бірге 6-8 өнер қайраткерлерін шақырады. 

"Қаншама ғасырлар бойы Ай адамдардың қиялында жүр. Біздің ғаламторымыздың серіктестігіне деген құрметімді білдірмек болып, аталмыш жобаны "Қымбатты ай" деп атадым. Әзірге өзіммен бірге нақты кімді шақыру керектігін айта алмаймын. Әр саладағы әлемге танымал әртістерді шақырамын деген жоспарым бар", - деді ол.

Маск ұшу сапарының құнын айтпады. Дегенмен "Маэдзава қомақты ақша төледі" деп айтты.

Айта кетсек, соңғы рет Айға 1972 жылы америкалық астронавтар ұшқан болатын. 

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде