{metadescription}
Денис Теннің өліміне қытысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды

Денис Теннің өліміне қытысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды

Атышулы іс бойынша барлық үш күдікті үшін де қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

Алматыда Денис Теннің өліміне күдіктілер 23 қазанға дейін қамауда отыратын болды.

«Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты 11-12 қыркүйекте арнайы қаулы шығарды. Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін, яғни 23 қазанға дейін созылды», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Денис Теннің өліміне күдіктілер пәтеріне ақша таппай ұрлық жасағаны анықталған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.