{metadescription}
Месси Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Месси Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасындағы хет-триктер саны бойынша рекорд орнатты.

31 жастағы футболшы голландиялық ПСВ командасына үш гол салды.

Мессидің өкшесінен басып келе жатқан италиялық "Ювентустың" форварды Криштиану Роналду бір турнирдің жеті матчінде хет-трик жасаған. Туриндіктер Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын 19 қыркүйекте "Валенсияға" қарсы өткізеді. Кездесу испаниялық команда алаңында болады.

Ойынның өзі Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында "Камп Ноу" стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.  Мессиден бөлек голландиялықтар қақпасына Усман Дембеле бір гол салды.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде