{metadescription}
Қостанайда мотоциклмен ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті

Қостанайда мотоциклмен ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті

Оқиға 18-ші қыркүйек Бекмағамбетов пен Жұмысшылар көшесінің қиылысында болған.

Қостанай тұрғыны мотоциклмен жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 56 жастағы ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті.

 «1962 жылғы ер адам кеше кешке қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, денесі жарақаттанған, сынған. Ал қызы облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға келіпті. Жарақаты ауыр болмағандықтан ол үйіне қайтарылған.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.