{metadescription}
9 жасар бала өрттен анасы мен екі қарындасын алып шықты

9 жасар бала өрттен анасы мен екі қарындасын алып шықты

Аз уақыт ішінде үй толықтай жанып кеткен.

Ресейде тоғыз жасар оқушы өртеніп жатқан үйден үш адамды сыртқа алып шықты.

"Бірінші кезекте ойланбастан бір жасар Алиса мен екі жасар Виолеттаны сыртқа алып шыққан. Кейін бала ұйықтап жатқан анасын оятып, оның сыртқа шығуына көмектескен", — делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің тұтануына балалар ойыны себеп болған. Әзірге құтқарушылар оған бүлдіршіннің қаншалықты қатысы барын анықтап жатыр. Десе де, үйдің өртеніп жатқанын бірінші бала байқағаны белгілі.

Жайсыз оқиға 14 қыркүйек күні болды. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері шақырған. 17 минут ішінде тілсіз жау ауыздықталды. Алайда осы уақыт ішінде үй толықтай жанып кетті.

Өткен жылдың қыркүйек айында Дағыстанның Бабаюрт ауылында тоғыз жасар Милана Юсупова өртеніп жатқан үйден 5-6 жасар екі баланы сыртқа алып шықты. Үш жасар оқушы қыз түтінді көріп, үйдің ішіне кірген. Кейін балалардың дауысын естіп оларға көмектескен.

Дереккөз: Sputnik
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.