{metadescription}
5 жасар қызды өлтірген ресейлікті психиатриялық сараптамаға жіберген

5 жасар қызды өлтірген ресейлікті психиатриялық сараптамаға жіберген

Мәскеу түбінде бес жасар тәжік қызын азаптап өлтірді деп айыпталып отырған Александр Семинді психиатриялық сараптамаға жіберген.

Бұл жөнінде марқұм Хувайда Тиллозоданың ата-анасының адвокаты хабарлайды.

Бес жастағы Хувайда 22 шілдеде кешкісін жоғалып кеткен. Кейін көршісі сәбиді зорлап, өлтіргені анықталған. Қыздың денесі келесі күні Мәскеу облысы Серпухов қаласындағы теміржол станциясы маңынан, дорбаның ішінен табылған.

Хувайда Тиллозода отбасының адвокаты Ольга Михайлова қылмыс жасаған адамның ақыл-есі дұрыс па, жоқ па, дәрігерлер анықтайды дейді. Егер күдікті Александр Семиннің ақыл-есі дұрыс емес деп танылса, онда ол бостандыққа шығарылып, мәжбүрлі түрде емделуге жіберілуі мүмкін.

Адвокат іс биыл жылдың соңында немесе келесі жылдың басында сотқа беріледі дейді.

Ресейлік БАҚ Александр Семин кемінде бес баланы зорлаған деген күдікке ілініп жатқанын хабарлайды. "Дни.ру" онлайн-ресурсының мәліметінше, екі қылмыстық оқиғаға Семиннің қатысы бары дәлелденген. Бұл ақпаратты Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігіндегі дереккөз де растап отыр.

Ресейлік БАҚ сонымен бірге күдіктінің Серпухов қаласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерімен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын да жазады. "Мүмкін осы таныстық Александр Сёминнің қылмыстық жауапкершіліктен қашуына себеп болған" деген болжам келтіреді. Айта кету керек, қайғылы оқиғадан кейін Серпухов полициясының жоғары лауазымды офицерлері қызметінен алынған.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде