{metadescription}
Алматы кинофестивалінің бас жүлдесін Хрусталь фильмі алды

Алматы кинофестивалінің бас жүлдесін Хрусталь фильмі алды

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған Халықаралық Алматы кинофестивалінің бас жүлдесін Беларусь, Ресей, Германия мен АҚШ кинематографистерінің "Хрусталь" фильмі жеңіп алды.

Картинада Веля есімді Минск тұрғынының өмірі баяндалған.

Бұл жүлде - "Хрусталь" фильмінің алғашқы марапаты емес. Биыл шілдеде ол Одессадағы "Золотой Дюк" халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.

Алматы кинофестивалінің "Мәдениеттің жақындасуы" деп аталатын негізгі байқауына он картина қатысты. Олардың әрбірі екі немесе одан көп елдің бірлесіп түсірген туындылары. Бұл бағдарламада Қазақстанмен бірге Грузия, Швеция, Тайвань, Жапония, Үндістан, АҚШ, Украина, Германия, Палестина, Голландия, Мексика, Исландия, Бельгия, Боливия, Уругвай, Беларусь, Ресей, Катар мен Франция кино шеберлерінің шығармалары көрсетілді. Соның бірі – қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Әлемнің мейірімді бейжайлығы" ("Ласковое безразличие мира") атты фильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Бірінші Халықаралық Алматы кинофестивалі қыркүйектің 15-19 күндері өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған байқаудың алғашқы күні режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі көрсетілді. Бұл фильмде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова биыл мамырда Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы атанған. Алматыда бұл фильмнің толық нұсқасы алғаш рет көрсетілді.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде