{metadescription}
Семейде жаз біткенде жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды

Семейде жаз біткенде жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары басталды

Семейдегі Орталық базар маңында жылу желілері мен құбырларын ауыстыру жаз аяқталғанда, яғни тамыздың 10-ы күні басталыпты.

Қаланың оң жақ жағалауындағы жылу желілері қазандығының басшысы Валерий Романенконың айтуынша, Орталық базарда 450 метр ұзындықтағы жылу құбырлары енді ғана ауыстырылып жатыр.

-Бұл желілер мен құбырларды ауыстыру себебіміз, ішкі квартал аумақтық жүйелердің желілерінің барлығы 100 пайыз тозып кеткен,-деді Валерий Романенко,-барлық гидравликалық тексерулер желілердің мүлдем тозып, ескіргенін көрсетті. Бұл Орталық аудан болғандықтан Засядько 38, Ә. Найманбаев 152 мекенжайларына жылу таратады. Сол сияқты оң жағалаудағы дүкендер мен «Ақшың» корпорациясы да осы желіге қосылған.

Валерий Романенконың айтуынша, жылу желілерін ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 77 млн теңге бөлінген. Бұған жылу құбырларын толық ауыстыру, арматураны және асфальт беткейді жөндеу құны кіреді. Осы желілер жөнделсе биыл 500 пәтер толыққанды жылу алмақ. Құбырлар ескіргені соншалық, аталмыш пәтер иелері ыстық судан мақрұм қалған.

-Осыдан екі жыл бұрын ғана жылу құбырлары ауысқан болатын, сонда да қыста да, жазда да ыстық сусыз отырдық,-деп мұңын шақты Засядько 58 ПИК төрағасы Василий Шаповалов,-мына жерде коллекторды су басып кеткендіктен құбырлары мүлде шіріп кеткен. Құбырлардың бір жерінен су кеткен, ол ұлғая берген.

Жұмыс жаз маусымы біткенде басталғандықтан 2 автокөтергіш, 8 дәнекерлеуші, манипулятордағылар екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Біреулер күндіз жұмыс істесе, екіншілері түнде келіп қалған жұмысты жалғауда. Қыс басталғанша тезірек аяқтасақ дейді.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде