{metadescription}
Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек.

Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бұл жобаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Аль Сақр Финанс» АҚ-ы «Уақып» қорының қолдауымен іске қосқан.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық: жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне синхронды түрде бірден аударылып отыратын болады.

Оn-line трансляциға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, "play" батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде