{metadescription}
«Оралман» фильмі алты аталым бойынша жеңімпаз атанды

«Оралман» фильмі алты аталым бойынша жеңімпаз атанды

«Оралман» көркем фильмі ұлттық «Тұлпар» киножүлдесінің алты аталымы бойынша жеңімпаз атанды. 

«Тұлпар» жүлдесінің марапаттау рәсімі Almaty Film Festival кинофестивалінің жабылу салтанатында өтті.  Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының  барлық мүшесі қатысқан жабық дауыс беру қорытындысы бойынша, «Оралман» картинасы үздік фильм болып танылды. Одан бөлек, фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков үздік режиссер, ал басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда үздік актер атанды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

Сондай-ақ «Үздік сценарий» аталымы бойынша фильмнің сценарий авторлары Нұрлан Санжар мен Сәбит Құрманбеков марапатталды. «Үздік суретші» жүлдесі фильмнің қоюшы суретшісі Рустам Одинаевқа табысталса, «Үздік композитор» жүлдесі «Оралман» фильмінің музыкасын жазған Айдос Сағатовқа бұйырды. 

Ал қалған жүлделер режиссер Ақан Сатаев түсірген «Она» фильміне табысталды. «Үздік актриса» номинациясында Айсұлу Әзімбаева жеңіске жетсе, «Үздік оператор» жүлдесімен Азамат Дулатов марапатталды.  Кинематография саласындағы ұлттық «Тұлпар» жүлдесін отандық кинематографты қолдау, мәдени ерекшелікті және ұлттық киноиндустрия негізін сақтау, жергілікті және халықаралық жұртшылық арасында қазақстандық үздік жұмыстарды насихаттау мақсатында құрылған болатын. Аталмыш жүлде кинематографияның және отандық киноның дамуына көрнекті үлес қосқан жетістіктері үшін берілетін кәсіби марапат болып табылады.

Биыл «Тұлпар» жүлдесінде 2017 жылдың 1 қазаны мен үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегі аралығында көрермен назарына ұсынылған  немесе прокатқа шығуға жоспарланған қазақстандық көркем, деректі және анимациялық фильмдер іріктеуден өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, «Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. 

Кеше

16 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде