{metadescription}
Бүгін жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Бүгін жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Найзағай жарқылдап, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде