{metadescription}
Паром суға батып, 40-тан астам адам қаза тапты

Паром суға батып, 40-тан астам адам қаза тапты

Танзаниядағы жолаушылар паромы суға батып, 44 адам қайтыс болды.

Оқиға бейсенбі күні Виктория көлінде болған. Мванза қаласының аймақтық комиссары Джон Монгелла құтқару операциясының қараңғылыққа байланысты уақытша тоқтатылғанын және таңертең қайта іске кірісетіндерін мәлімдеді.

«Оның айтуынша, 44 адам қаза тауып, 37 адам құтқарылды», - деп жазды Twitter-де.

Айта кетейік, паромда болған жолаушылардың нақты саны белгісіз, онда жүзден астам адам болуы мүмкін. Бұдан бөлек 25 тонна жүк және үш шағын автокөлік болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Танзания үкіметі суға батқандардың саны 200 адамнан асатынын болжамдап отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде