{metadescription}
Вьетнам президенті қайтыс болды

Вьетнам президенті қайтыс болды

Елдің оныншы президенті 62 жасына қараған шағында қаза тапты. 

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг жұма күні Ханой әскери ауруханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:05-те көз жұмды. 

Қайтыс болу себебі жергілікті және шетелдік мамандар күресе алмаған ауыр сырқаттың салдарынан болған.

Чан Дай Куанг 1956 жылы 12 қазанда Вьетнамның солтүстігіндегі Ниньбинь провинциясында дүниеге келген. Қызметтік карьерасын  Ішкі істер министрлігінде бастады, кейіннен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне ауысты.

Елді 2016 жылдың сәуірінен бастап басқарып келген. Кандидатурасын депутаттарының 91% -ы қолдады (Вьетнамның біртұтас парламенті).
 


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде