{metadescription}
4 бала пойыз астына түсіп көз жұмды

4 бала пойыз астына түсіп көз жұмды

Нидерланды теміржолында төрт бала опат болды.

Қайғылы жағдай Амстердамнан 100 шақырым жерде Осс қаласындағы теміржол өткелінде болған.

Бұл туралы Associated Press бейсенбі 20 қыркүйек күні хабарлады.

Балалар мінген велосипед пойыз астына түскен. Пойыз астына түскен велосипед әдетте тауарларды, ағаш тасымалдау үшін пайдаланылады. Алайда кей отбасылар жүк салғыш орнына балаларды салып тасымалдайды.

Полицияның айтуынша, қайғылы оқиға нәтижесінде төрт бала ажал құшты. Екі ересек адам жарақат алды. Толық мәлімет жоқ.

Бұдан бөлек Австрияның Грац қаласында поезд бен автобус соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде