{metadescription}
ФОТО: Головкинді жеңген Канело ұлды болды

ФОТО: Головкинді жеңген Канело ұлды болды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (50-1-2, 34 КО) үшінші баласы дүние есігін ашты.

Бұл туралы АҚШ-та шет тілінде хабар тарататын ең ірі Despierta América телеарнасы хабарлады. 

Альвареске ортақ бизнесі бар Нельда Сепульведо ұл тауып берген. Баланың аты Сауль Адиэль. Әзірге боксшы әкелігін мойындаған жоқ.

Альварестің ұлы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) қарымта жекпе-жектен кейін дүниеге келген. 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен қарымтада төрешілер шешімімен жеңіске жеткен мексикалық WBC, WBA (Super), IBO және The Ring белбеулерін иеленді.

Әзірге Альварес өзін екі қыздың әкесі ретінде мойындады: 17 жасында Эмили Циннамон атты қызы дүниеге келіп, оның құрметіне денесіне татуировка салдырған. Ал былтыр желтоқсанда - Мария Фернанда Альварес Гомес атты қызы дүние есігін ашты.

 

Альварестің кіші қызын Фернанда Гомес тапқан. Боксшы онымен 10 ай кездесіп, 2017 жылы мамырда айырылысп кетті. Бұл қызын Альварес биыл шілдеде ғана баласы деп мойындады және жұп қайта қосылды. Қазақстандық боксшымен қарымтада Гомес оны қолдауға келді және ол мексикалық жеңісін Лас-Вегаста тойлау кезінде қасында болды. 

Ресми түрде екі баланың әкесі атанғанымен Альварес отбасын құрмаған.

 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде