{metadescription}
Батыс Ніл безгегінен 27 адам қаза тапты

Батыс Ніл безгегінен 27 адам қаза тапты

Грекияда 27 адам Батыс Ніл безгегінен көз жұмды.

Безгекті 234 адам жұқтырған. Бұл туралы ауруды бақылау және алдын алу ұлттық орталығы (KEELPNO) мәлім етті.

Ауруды жұқтырған 183 адамның орталық нерв жүйесі жарақаттанған. Бір айда безгекті жұқтырғандардың саны 2,5 есеге артқан. 23 тамыздағы мәліметке сәйкес, аурудан 11 адам қаза тауып, безгекті жұқтырудың 107 фактісі тіркелген.

Батыс Ніл безгегі алғаш рет Грекияда 2010 жылы анықталған. 2010-2014 жылдары Батыс Ніл безгегінен 80-ге жуық адам қаза тапқан. Ал 2015-2016 жылдары ауруға шалдығу фактісі мүлдем тіркелмеген.

2017 жылы безгекті жұқтырудың 48 фактісі тіркелсе, 5 адам безгектен көз жұмған. Грекиядан басқа Батыс Ніл безгегі Еуропаның 8 елінде тіркелген.

Айта кетейік, безгекті масалар таратады. Осы жылы аурудың жиі тарап кетуі ауа температурасының жоғары және жаздың жаңбырлы болуымен байланыстырылады.

KEELPNO масалардан қорғану үшін келесі кеңестерді береді: масалар көп аудандарда москит торын орнату, инсектицидтерді пайдалану, жеңі ұзын көйлек пен шалбар кию, үйдің маңында судың жиналып қалуына жол бермеу.

Батыс Ніл безгегінің вирусы адамның орталық нерв жүйесін жарақаттайды. Салдарынан адам энцефалит, менингит, сал ауруына шалдығады. Бастың ауруы, шаршау, бұлшық еттің ауруы, жүрек айну, құсу, кейде бөртпе мен лимфалық түйіндердің кеңеюі – аталған аурудың алғашқы белгілері. Егер адам уақытында медициналық көмек алмаса, өліп кетуі мүмкін.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.